Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр

15.11.2021

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты. Оның сөзінше, осы фактілерді қарастыру барысында 9 645 адам арнайы есепке алынып, олардың тәртібін бақылауға алу туралы шара қолданған. Ал 40 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 70 мыңнан аса адамды қорғау туралы нұсқау берілген.

Хабарламаларға жазылу