675 отбасындағы балалардан зорлық-зомбылық белгілері анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

675 отбасындағы балалардан зорлық-зомбылық белгілері анықталған

29.01.2024

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр. Екі аптаға созылған профилактикалық шара кезінде 4 мыңнан астам хабарлама түскен. 675 отбасындағы балалар ата-анасы мен туыстарынан зәбір көргені анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Агрессорлардың 95 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, оларға арнайы сауалнама жүргізген мамандар 500-ден аса отбасында заңсыз әрекеттер қайталануы мүмкін дейді.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Отбасылық шиеленістердің негізгі себебі маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екені мәлім. Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақтылы анықтау және жою үшін алдын алу шаралары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.Отбасылық шиеленістердің негізгі себебі - маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екені мәлім. Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақтылы анықтау және жою үшін алдын алу шаралары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу