Қарағандыда 18 жастағы қыз мүгедек жанның атына 5 бірдей несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 18 жастағы қыз мүгедек жанның атына 5 бірдей несие рәсімдеген

12.11.2021

Жәбірленуші 52 жастағы әйел полицияға шағым түсірген. Ол өзінің атына несиелер рәсімделгенін, бұл туралы беймәлім болғанын айтқан. Полиция тексере келе, оған күтім көрсетіп жүрген көмекші қыз күдікке іліккен. Оған жәбірленушінің жеке құжаттары қолжетімді болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 2 миллион 784 мың теңге. Полиция «Алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Хабарламаларға жазылу