Петропавлда бұрынғы банк қызметкері алаяқ болып шықты
Петропавл тұрғынын алдап, 8,5 млн теңгесін қалтаға басқан алматылық алаяқтар сотталды. Олар жәбірленушіге қоңырау шалып, банк қызметкері ретінде таныстырған. Атына әлдекімнің несие рәсімдегенін айтқан. Бұл сөзге сенген тұрғын 5 банктен онлайн займ рәсімдеген. Петропавл полицейлері осы қылмысқа қатысы бар бір топ адамды анықтады. Нәтижесінде Алматының екі тұрғыны сот алдында жауап берді. Бірі – қаржы технологияларын жетік меңгерген бұрынғы банк қызметкері болып шықты. Ол түскен ақшаны криптовалютаға айналдырып отырған. Алаяқтардің бірі 3,5 жылға, екіншісі 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Эльмира Қаленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20