Алматыда бұзақылар автобус төбесінде отшашу атқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бұзақылар автобус төбесінде отшашу атқан

11.11.2021

Алматыда жас жігіттер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан. Бұзақылардың әрекетін көлік жүргізушілері ұялы телефонға түсіріп үлгерген. Оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы аялдамада болған. Видеодан жігіттердің автобустың төбесіне шығып, отшашуды тұтандырғанын анық байқауға болады. Артынша олар бірінен кейін бірі секіріп, қаша жөнеледі. Алматы қалалық полиция департаменті бұзақыларды іздеуге кірісті.

«Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Бұзақылар ұсталып, жауапқа тартылады»,- деп хабарлайды полицейлер.


Хабарламаларға жазылу