Оралда карантин талаптарын бұзған блогер 10 тәулікке қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда карантин талаптарын бұзған блогер 10 тәулікке қамалды

07.04.2020

Оралда танымал блогер карантинге қарамай, мейрамханада сауық-сайран құрған. Бұл аздай, ол әрекетін әлеуметтік желіде жариялап, «Орал мені жақсы қарсы алды. Біз үшін мейрамхана ашық, барлық қызметкерлер қызмет көрсетуде» деген жазу қалдырған. Аталған бейненің негізінде ұсталған блогер соттың шешімімен 10 тәулікке қамалды. Сондай-ақ оған қызмет көрсеткен мейрамхана иесіне де айыппұл салынды.

Ал елорда полициясы карантин тәртібін бұзып, түнде бірнеше рет отшашу атқан ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға сот шешімімен 26 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, Ақтөбеде облысындағы Темір ауданының азаматы да жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды. Ол: «блокбекет арқылы ауылға вирус жұқтырған адам кіріп кетті» деп жалған хабар таратқан. Тәртіп бұзушы 10 тәулікке қамалды.

Гаухар ТӨЛЕКБАЕВА


Хабарламаларға жазылу