Атырауда өрттен зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда өрттен зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр

10.11.2021

Атырауда жеке тұрғын үйде газбен жанатын қазандық жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды. Оқиға қала іргесіндегі Балауса ықшам ауданында түнгі сағат 1 шамасында болды. Куәгерлер жарылыстың екі рет болғанын айтады. Іште қалған тұрғындарды көршілері құтқарып қалған. Өрттен баспананың 120 шаршы метр аумағы жанып кетті. Зардап шеккен 2002 жылғы екі бозбаланы 90-95 пайыз, ал, 22 жастағы қызды 35 пайызға күйік шалған.

Бекен Құлниязов, Облыстық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі:

Реанимацияда жатқан екі науқастың өміріне қауіп бар. Травматология бөлімінде жатқан қызға барлық көмек көрсетіліп, ем дәрісін алып жатыр.

Нұржан Жақатаев, Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

Тұрғын үйде газбен пайдаланылатын қазандықта газ ауа қоспасының жарылысы болған. 


Хабарламаларға жазылу