Кейбір жүк көліктеріне салық жеңілдігі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір жүк көліктеріне салық жеңілдігі жасалады

09.11.2021

Қазақстанда кейбір жүк көліктеріне салық жеңілдігі жасалуы мүмкін. Дүкен, дәріханаларға тауар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер былтырдан бері қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын көліктері үшін салық төлейді. Ал оның сомасы он есе өскен. Бұрын салық органдары жүк көліктеріне арналған шағын вагондарға бөлек баға қойған. Жүк көтергіштігі аз болған соң, олар кәсібіне сай салықты да аз төлеп келді. Алайда кейін бұл ережені алып тастады. Енді қазір депутаттар салық заңнамасына түзету енгізуді ұсынды. Құжат Мәжілісте қаралып жатыр.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу