Шикізат экспорттаушыларға салық жеңілдігі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шикізат экспорттаушыларға салық жеңілдігі жасалады

01.03.2022

Елде шикізат экспорттаушыларға жаңа салық жеңілдігі жасалмақ. Бұдан былай экспорттан тапқан ақшасының кемінде жартысын теңгеге айырбастаған кәсіпкерлер кейбір салық түрін жеңілдетілген тәртіппен өтейді. ((КСМ)) Мысалы, экспорттаушы азамат тауардың құн салығынан асып кеткен соманың 80 пайызын мемлекеттен тексерусіз 15 жұмыс күні ішінде қайтара алады. Мұндай кәсіпкерлердің тізбесін бекіту туралы қазір Үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді. Жаңа тәсіл қаржыны ұлттық валютамен инвестициялаушыларды арттыру үшін жасалып отыр.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу