Қаратау қаласында жаңа демалыс алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратау қаласында жаңа демалыс алаңы ашылды

09.11.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қаратау қаласында жаңа саябақ ашылды. Жергілікті демеушілер көмегімен салынған демалыс орнына брусчатка төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ онда ыңғайлы орындықтар, жарық бағаналары, қоқыс жәшіктері мен балаларға арналған әткеншектер орнатылған. Одан бөлек, футбол, баскетбол стадиондары мен стрит воркаут алаңшалары бар. Саябақты ел игіліне тарту еткен кәсіпорын басшылығы аталған игі істің алдағы уақытта Тараз, Жаңатас қалаларында жалғасын табатынын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу