Индонезияда 76 миллион адам толық вакциналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда 76 миллион адам толық вакциналанды

09.11.2021
0:00:00
0:00:00

Индонезияда 76 миллион адам коронавирусқа қарсы толық вакциналанды. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бұл – халықтың 36,6 пайызына ғана екпе салынғанын білдіреді. Тұрғындар негізінен «Файзер» препаратымен иммундалып жатыр.

Пандемия басталғалы, Индонезияда 4 миллион 200 мыңдай адам ковидке шалдыққан. Ал, қауіпті инфекциядан қаза тапқандар 143 мыңнан асып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу