«Жан жарасына айналған Ауғанстан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жарасына айналған Ауғанстан»

06.02.2014
«Жан жарасына айналған Ауғанстан»
Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда  «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атауымен  көрме ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагерлері оқушылармен, жас сарбаздармен жүздесіп, соғыс даласындағы солдаттардың ерліктерін айтты.
 
22 мың қазақстандықтың 924-і қаза тауып, 21-і хабар-ошарсыз кеткен. Көрме сол антына адал сарбаздар туралы сыр шертеді. Ұйымдастырушылар  соғыс шындығын көрсете отырып, соғыс  саяси проблемаларды шешудің жолы емес екендігін жастарға түсіндіруді мақсат еткен.
 
Экспозицияға  Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары, наградалары мен жеке заттары қойылған. Әсіресе, майдангерлердің ауыр тұрмысын сипаттайтын әскери шатыр мен қарсылас жақтың да киімдерін, құрал-саймандарын көргенде, сол соғыс даласындағы көріністер көз алдымызға келді, - дейді ардагерлер.
 
Ермек Беренғалиев, Ауған соғысының ардагері, отставкадағы полковник:
Біз қан майданның ортасында жүрдік. Мұндай жағдайды енді басқа бермесін. Жастарға айтарым, өз елін, жерін қорғасын.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу