Сьерра-Леонеде мұнай танкері жарылып, 98 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сьерра-Леонеде мұнай танкері жарылып, 98 адам қаза тапты

08.11.2021

Сьерра-Леонеде мұнай танкері жарылып, 98 адам қаза тапты. Тағы жүзге жуығы жараланған. Жапа шеккендердің кейбірінің халі мүшкіл. Оқиға ел астанасы Фритаунға жақын маңда болды. Жанар-жағармай құю станциясына бағыт алған танкер басқа бір жүк көлігімен соқтығысқан. Апат кезінде бензин төгіліп, жақын маңда тұрған адамдар оны жинап алу үшін жанталасып жүгіреді. Сол кезде жойқын жарылыс болды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жолаушы толы автобустардың бірінің күлі көкке ұшқан. Қайтыс болғандардың көбі - бензин сатып алу үшін кезекте тұрғандар, автокөлік жүргізушілері мен жолаушылар. 


Хабарламаларға жазылу