Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасында жарылыс болды

11.06.2019

Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасының астанасы – Махачкала портында мұнай танкері жарылып, үш адам қаза тауып, үшеуі жараланған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.

Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, олардың біреуі денесінің 95 %-ын күйік шалғандықтан, өте ауыр халде жатыр.

Ал, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жарылыс танкерден мұнайды құйып алу кезінде болып, оның соңы алапат өртке ұласқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу