Түркістанда туризм саласына қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда туризм саласына қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже жоқ

05.11.2021

 Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыруға өткен жылы 132 млрд теңге, биыл 9 айға 80 млрд теңге қаралған. Бұл сома Қазақстандағы қалған өңірлерге  бөлінген қаражатпен бірдей. Әйтсе де туристердің келу көрсеткіші жөнінен өңір 9 орында. Қазақстандық туристерді тарту көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал рухани астанаға биылғы жылдың алты айында небәрі 870 шетелдік саяхаттап келген. Тиісті сала өкілдері 80 млрд теңгенің басым бөлігі туристік нысандардың құрылысына бағытталғанын айтады. Олардың арасында «Керуен сарайы», «Қасқасу» шаңғы базасы сынды бірнеше ірі нысандар бар. Сонымен қатар, қонақ үйлердің жетіспеуі де турист санының кемшін болуына әсер етіп отыр дейді жауаптылар.

НұрдәулетМедеуов, облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы:

6 айдың қортындысы бойынша 94 700-дей турист тіркелген, ал Алматы облысында, мысалы,  447 мың турист тіркелген. Алматы қаласында 313 қонақ үй бар, Түркістан облысында 188 қонақ үй бар. Екеуін салыстырғанда Алматыда категориясы жоғары қонақ үйлер өте көп.


Хабарламаларға жазылу