Елімізде үш миллионға жуық адам медсақтандырудан тыс қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде үш миллионға жуық адам медсақтандырудан тыс қалған

15.07.2022

Елімізде созылмалы дерттен қайтыс болғандар көбейген. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар, деді кешегі Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды деген Президент Үкіметке медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу