Бокстан Әлем чемпионатында бес бірдей спортшымыз жартылай финалға шықты. Олар - Теміртас Жүсіпов, Махмуд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов және Серік Теміржанов. Сербия астанасы Белград қаласындағы бәсеке жалғасып жатыр. Бес қазақстандық боксшы жеңіс жолындағы доданы жалғастырады.
Айта кетейік, жартылай финал 4, 5 қараша күндері өтеді. Ал келесі күні чемпиондардың есімдері белгілі болмақ. Бүгін спортшыларымыз аздап тынығып, күш жинауға мүмкіндік алып отыр.
Еске салайық, Белград төрінде өтіп жатқан Әлем чемпионатында 13 боксшымыз бақ сынаған. 10 спортшы қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға өтті. Осылайша жолдама алғандар көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орынға шыққан. Алайда 1/4 финалда спортшыларымыздың барлығы бірдей жақсы өнер көрсете алмады.