Қылқалам шебері өз туындыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап отыр. КСМ: Автордың сөзінше, іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – ел егемендігін ұлықтап, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәуелсіздік жылдары өмірге келген дарынды ұрпақты насихаттау арқылы замандастарының өнер мен мәдениетке құштарлығын ояту. Алматы мұражайына қойылған жұмыстар ұлттық көріністерді қамти отырып, қазіргі заман жастарының болашаққа деген көзқарасын бейнелейді. Жұмыстарына Тәуелсіздікті арқау еткен қылқалам шебері ел тарихын, жеткен жетістіктерін майлы бояумен өрнектеу шабыт беретінін айтады.
Томирис Нұрғалиева, суретші:
Қазір қоғамда жастардың барлығы смартфонға ғана құмар деген жаңсақ пікір қалыптасты. Мен олай деп айта алмаймын. Замандастарымның арасында өнерге, мәдениетке құштар азаматтар баршылық. Осы арқылы біз Тәуелсіздік жолында барын салған ата-балаларымыздың алдында басымызды иеміз!