Оралда Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Томирис» трагедиясы сахналанды. Премьера атақты массагет патшайымы билеген дәуірдің шиеленіске толы оқиғаларын бейнелейді. Қойылым режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Ана мен бала, әке мен ұл, туыс-жекжат арасындағы тақталас, бақталас театр тілімен көркемделген. Пандемия кезінде сахнаны сағынып қалған көрермен қойылымды жылы қабылдады.
Мұрат Ахманов, қойылым режиссері:
«Томирис» қойылымын бүгінгі күнге үндестіріп қойдым. Драматургияда пьеса жазған Шахимарданның да көздеген мақсаты осы. Қай кезде де классика заманмен үндес шығады ғой. Сол себепті спектакль басқаша форматта қойылды.