Түркістан облысындағы Әлімтау ауылы жаздағы қуаңшылықтың зардабын әлі тартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы Әлімтау ауылы жаздағы қуаңшылықтың зардабын әлі тартып отыр

31.10.2021

Әрине, қуаңшылық тақырыбы жабылмайды. «Бары да, нары да» – қорасындағы төрт түлік болып табылатын ауыл адамдары «таяқ ұстап қаламыз-ау» деген уайыммен отыр. Жем-шөп бағасы удай. «Қысқа» деп ілдебайлап алғанын беріп бастаған. Ал қорадағы мал қыста немен қоректенеді? Көтерем мал тұрмай қалады ғой. Аштан өлген малға өтемақы берілмейді де. 10 шілдеде Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қуаңшылыққа дұрыс дайындалмадыңдар деп сөгіп, қызметінен босатқан.

Одан бері төрт айға жуық уақыт өтті, жем-шөп мәселесі сол күйі өзекті. Жаздың ортасында қуаңшылықтың салдарын жоюға үкіметтің резервтен Маңғыстау облысына – 1,9 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлетіні айтылған, ал осы айда Маңғыстау облысындағы шаруа адамдары әлі мал қырылып жатыр деп, Президенттен көмек сұраған.

Негізі қуаңшылық бұл облыстар ғана емес, Түркістан облысында да болған. Түркістан облысы әкімдігі «өңірде төтенше жағдай жарияланбағандықтан»  құрғақшылықпен күреске ақша бөлінбеді деп отыр. Ал ондағы шаруа қайтсек екен? деп жәутеңдейді. Түркістан облысындағы меншікті тілшіміз Айнұр Ақбаеваның репортажы.


Хабарламаларға жазылу