«Өмірдің өзі - театр» кітабының тұсаукесері өтті

30.01.2014
«Өмірдің өзі - театр» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақ әдебиетінің алтын қоры тың туындымен толықты. Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевтың «Өмірдің өзі - театр» атты кітабының тұсауы кесілді.
 
Сахна саңлағы бұл еңбегіне қазақ театры мен кино өнері тарландарының сахна сыртындағы әзіл-оспағын, театрдан тыс тіршілігін, қарапайым өмірдегі әртүрлі қызықты оқиғаларын және өнер жайындағы өз ой-толғамын арқау еткен.
 
Себебі өнер саласында тамаша талантты әртістердің күнделікті өмірдегі, қоғамдағы өнегелі істері, бір-бірімен қағысқан әзіл әңгімелері құнтталып, тасқа басылмайды. Сондықтан мұндай асыл дүниелерді жинақтап, сараптап, мұраға айналдыруды дәстүрге айналдырған абзал, дейді үзеңгілес әріптестері.
 
Сәбит Оразбаев, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Спектакльдердің барлығы өмірден алынады ғой. Әр болған оқиға, адам баласының бойындағы қуанышы, қасіреті, махаббаты, жерге, күнге, табиғатқа қызығуы, көзқарастары минут сайын, күн сайын құбылып жатады. Сахнаға соның өзінің керек-керек жерлерін ала береді. Зор тұлғалардың еңбегінің неге бағаланбағанын жаздым.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу