Медициналық техника бойынша алғашқы халықаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық техника бойынша алғашқы халықаралық форум өтті

27.10.2021

Медициналық техниканы Қазақстанда жасап шығарған жөн. Бас қалада өткен халықаралық форумда вице-премьер Ералы Тоғжанов осылай деді. Үкімет шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіп, медициналық құрал-жабдықтар дайындайтын кәсіпорындар ашу тетіктерін қарастырып жатыр. Өйткені медициналық техниканың локализациясы сырттан сатып алғаннан гөрі тиімдірек. Халық та диагностика, ем алу үшін сыртқа шығып сандалмайды. Жалпы, пандемия бұл саланы жаңа технологиямен жабдықтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан медициналық қондырғылармен қамту басты бағыттардың бірі болып қала бермек.

Форумнан соң Ералы Тоғжанов бастаған делегация медициналық техникаға арналған көрмені ашты. Мұнда отандық және шетелдік компаниялар фармацевтикалық өнімдері мен медициналық құрал-жабдықтарын қойған. Алыс-жақын шетелдерден келген ірі кәсіпорындар Қазақстанмен әріптестікке дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ шарада қондырғыларды сатып алып, орнатудан бөлек олармен жұмыс істей алатын мамандарды даярлау маңызды. Шара 3 күн жалғасады. Денсаулық сақтау саласына қызғушылық танытқандар ірі компаниялардың баяндамаларын онлайн режимде де тыңдай алады.


Хабарламаларға жазылу