Оралда халықаралық экологиялық форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда халықаралық экологиялық форум өтіп жатыр

26.10.2021

Елімізде жыл сайын миллиондаған тонна қалдықтың тек 18 пайызы ғана өңделеді. Сондықтан қайта өңдеу саласын дамыту - өзекті мәселе. Бұл туралы Орал қаласында өтіп жатқан халықаралық экологиялық форумда айтылды.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Форум негізінен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және оны басқару тақырыбына арналып отыр. Тіпті мына бейджик пен бағдарлама да қайта өңделген қалдықтан жасалған. Шара соңында мұны арнайы жәшікке тастап, кері өңдеуге жіберуге болады. Форум жұмысы, алдымен, көрмеден басталды. Онда қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялар өз өнімдерін таныстырды. Әсіресе тамақ қалдығын өңдеп, ауыл шаруашылығына тыңайтқыш ретінде ұсынатын мекеменің жұмысы көпшілікті қызықтырды. Бүгінде елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қалдық тасталады екен. Соның тек 18%-ы ғана қайта өңделеді. Соның тек 18%-ы ғана қайта өңделеді. Облыста да бұл көрсеткеш өте төмен. Енді осындай форумдар бұл мәселені шешуге ықпал етпек. Форум соңында қалдықты қайта өңдеу, жою бағытында жаңа келісімдер жасалады деген жоспар бар.


Хабарламаларға жазылу