Түркістан облысында мектептегі карантин талаптары қатаң қадағаланбақ
Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны соңғы аптада 190 адамға жетті. Қазір өңірде 400-ге жуық адам ем қабылдауда. Ковидке шалдыққандардың арасында оқушылар да бар.
Мәселен, оқу жылы басталғалы бері 271 оқушы індет жұқтырып, қашықтан оқыған. Осы жағдайды ескерген облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев салаға жауаптыларға сақтық шараларын сақтап, босаңсуға болмайтынын ескертті. Әсіресе білім ошақтарында карантиндік талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.
Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:
Қазір Ресейде өте көп адамнан ауру шығып жатыр. Ол солтүстік облыстар арқылы бізге де келеді. Ол түсінікті, бұдан бұрын да болған. Сондықтан дайындалу керек. Маска тағу режимін босаңсытуға болмайды. Мектептерде өте қатаң қадағалау орнату керек.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17