ШҚО-да ана мен бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ана мен бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

25.10.2021

Шығыс Қазақстан облысындағы перзентханада ана мен баланың қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік, 16 қазан күні ана мен бала орталығында босанған Айжан Міржақыпова мен оның дүниеге келген баласы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Босануға қатысқан марқұмның апайының айтуынша, Айжан кесір тілігін жасауды өтінген және ота жасауға алдын-ала өтініш жазған, алайда дәрігерлер мұны жасамаған. Бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісінше орындамағаны, абайсызда адам өліміне әкеп соққаны бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау субъектісін жоспардан тыс тексеру басталды.

Қарағандыда перзентханада қайтыс болған көпбалалы анаға дәрігерлер тарапынан дұрыс ем көрсетілмеген. Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің комиссиясы Теміртаудағы емхана мен Қарағандыдағы перзентхананы тексеру кезінде қателіктер кеткенін дәлелдеді.  

ШҚО ана мен бала

Хабарламаларға жазылу