Алматыда ұшақ пен көлік соқтығысты
Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ пен көлік соқтығысты. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан байқалғандай көлік әуе кемесінің қанатының астында қалып қойған. Әуежай өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында «Қайрат» футбол клубының ұжымы болған. Олар кеше конференция лигасының топтық кезеңінде «Карабах» командасымен матч өткізген соң елге оралған беті екен. Сондай-ақ, әуе кемесінің FlyJet.kz компаниясына тиесілі екендігі анықталды. Борт Баку қаласынан Алматы әуежайына бүгін таңғы уақытта қонған.
Ләззат Қасымжанова, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі:ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі, яғни әуе көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07