Түркістанда әжелер арасында киіз басудан сайыс өтті
Ел Тәуәлсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысының Сауран ауданында ерекше байқау өтті. Аталған шарада 12 ауылдан келген әжелер қойдың күзем жүнін пайдалана отырып, киіз басудан өзара сайысқа түсті. Зейнет жасындағы аналар жастарға текемет басудың қыр-сырын үйретіп, алдын ала дайындалған жүннен киіздің бірнеше түрін жасап шығарды. Олар әрбір өрнекке мән беріп, қазақы төсеніштерге қарлығашқанат, мүйіз тұмсық, қошқармүйіз сынды оюларды салды. Жасалған әр киіз жиналған жұртты тәнті етті. Осылайша ақ жаулықты аналар соңғы кездері ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңартып, кейінгі ұрпаққа аманаттады.
Фарида Ереханова, байқауға қатысушы:Енді міне ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді ары қарай жалғастырамыз деп, кейінгі ұрпақтарымызға үйретеміз, ары қарай жалғастырсын деген ниетпен осыны бастап жатырмыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17