Алматыда 2960 оқушы коронавирус жұқтырған
Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты. Қауіпті індет 263 мектепте тіркелген. Офлайн форматта білім алып жүргендер арасында 1700-ден астам оқушы «COVID19»-ға шалдықты. Ал вирус тіркелген сыныптар екі аптаға карантинге жабылған.
Балалардың басым бөлігі мектепте емес, үйінде жұқтырған деді әкім. Індет келгелі қалада 176 мыңға жуық науқас тіркелді. Базалық болжам бойынша жағдай тұрақталып келеді. Дерттің төмендеу қарқыны сақталса, ай соңына қарай тәулігіне көрсеткіш 300-ден аспайды деген болжам бар. Сондықтан Сағынтаев қалалықтарды індеттің өршуіне жол бермеуге және вакцинаны кешіктірмей салдыруға шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07