«Ел арна» арнасының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел арна» арнасының тұсауы кесілді

27.03.2017

Ақпарат айдынына жаңа арна жол тартты. Бүгін «Ел арнаның» тұсауы кесілді. Арна 24 сағат бойы тек отандық өнімдерді көрсетеді. Өзіміздің кино, өзіміздің әртістер және өз режиссерларымыздың төл туындылары ұлт мүддесіне, ұрпақ тәрбиесіне қызмет етпек.

Көрермендер арнадан санамызға сілкініс жасаған тау тұлғалар туралы деректі фильмдер, білім, ғылым және өнер саласындағы танымдық бағдарламаларды және сериалдарды тамашалайды. Еш жерде көрсетілмеген тың дүниелер, эксклюзивті қысқаметражды картиналар және ерекше кадрларды халық ең алдымен осы арнадан көреді.

«Ел арна» атына сай, елдің арнасына айналады»,-деді, жаңа арнаның тұсауын кескен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу