Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары коронавирусқа қарсы 100 пайыз егілді. Ауданда 26 мыңнан астам тұрғын болса, олардың 16 мыңнан астамы екпе алатындар қатарында. Олардың барлығы вакцинаның екі компонентін салдырған.
Бұдан бөлек Балқаш ауданына тағы 500 доза «Sinovac» вакцинасы әкелінді. Бұл екпені 65 жастан асқан қариялар, өңірге ұзақ мерзімге жұмыс бабымен келген азаматтар қабылдап жатыр. Осылайша вакциналау бойынша көрсеткіш жоспарланған межеден асып, 107 пайызға жетті дейді медицина мамандары.
Дәурен Иманәлиев, Балқаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
Қазіргі таңда инфекциялық коронавирусқа арналған стационарда 10 науқас жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты. Ахуал аудан бойынша бір қалыпты. Аурудың өсім көрсеткіші төмен.