Алматы облысында зейнеткерлер екпе салдырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында зейнеткерлер екпе салдырып жатыр

06.09.2021

Алматы облысының Асысаға ауылының тұрғындары тегіс вакцина салдырды. Себебі елді-мекеннің 65 жастан асқан қариялары да екпе алған. Жалпы Шелек өңірінде 90 мың адам тұрып жатса, олардың 52 мыңы егілуі қажет. Қазір жоспар 56 пайызға орындалды. Ащысай ауылының 80 пайыз, Қаражота, Қайрат, Қорам ауылдарының 70 пайыз халқы екпе салдырған. Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөлімінде 50 адам ем қабылдап жатыр. Жалпы бұл өңірде жыл басынан 400-ге жуық адам індет жұқтырған.

Бағила Құттықсейітова, Асысаға ауылының тұрғыны:
Жасым 69-да. Жасымның үлкендігіне қарамай, дәрігерлердің кеңесіменен вакцинаның екі кезеңін де алдым. Отбасымда алты адам алды. Бәрінің де денсаулығы жақсы. Біздің ауылда дәрігерлердің үгіт насихатыменен ауылға бөлінген вакцинаны ауыл тұрғындары тегіс алды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу