Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды

15.10.2021

Маңғыстау облысында жалған вакцина құжатын жасатқан әйел қайтыс болды. Науқас провизорлық стационардың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Оның вакцина құжатының жалған екені анықталды. Ал ковидке шалдыққан әйел коронавирусқа қарсы басқа өңірде екпе алғанын айтқан.

Ақтөбелік келіншек палатада орын болмағандықтан үш жасар қызымен аурухана дәлізіне түнеуге мәжбүр болғанын айтып шағымданды. Тіпті, науқасқа кереует те берілмеген.

Науқас бала амалсыз орындықта ұйықтаған. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл жағдайды балалар арасында маусымдық аурудың өршуімен түсіндірді. Яғни, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, емдеу мекемесі бар-жоғы 48 орынға шақталған. Сондықтан басқалары амалсыз дәлізге орналастырылған. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу