Республикалық қарилар байқауының жеңімпазы анықталды
Түркістанда кезекті қарилердің республикалық сайысы өз мәресіне жетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға еліміздің әр аймағынан 74 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауда қатысушылар Құран Кәрімді жатқа айтып, мәнерлеп оқып шықты. Олардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасы жас қарилердің арасынан үздік деген бес үміткерді іріктеп алды. Екі күнге жалғасқан байқау қорытындысымен Шымкенттен келген Әлібек Жалиев жеңімпаз деп танылып, шетелдік жол талғамайтын автокөлікке ие болды. Сондай-ақ 30 пара бойынша финалдық кезеңге жолдама алған екі қариге ынталандыру сыйлығы ретінде ұмра қажылығына жолдама берілді. Айта кетейік, жарысқа қатысқандардың ең жасы 9 жаста.
Әлібек Жалиев, Байқау жеңімпазы:2 жыл бойы дайындалдым. Жылдан-жылға елімізде қарилеріміз көбейе берсін.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:Біздің Тұңғыш Президентіміз Елбасы өз сөзінде: «Тегіміз – Түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз қасиетті Құран. Сол үшін құранды насихаттауды ұмытпауымыз керек» деген болатын. Сондықтан ҚР Мұсылмандар дни басқармасы өзіміздің қасиетті құранды насихаттау мақсатында осындай сайыстарды өткізіп жатырмыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«OzgeEpic»: Жертөледен креативті хабқа дейін
08.03.2026, 22:39
Каспийдің суы неге тартылып барады?
08.03.2026, 20:09
Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды: Не өзгереді?
08.03.2026, 19:59
Президент Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілетінін айтты
08.03.2026, 19:57
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
08.03.2026, 19:53
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09