Қазақстанда электр қуатын тұтыну аса үлкен қарқынмен өсіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электр қуатын тұтыну аса үлкен қарқынмен өсіп жатыр

13.10.2021

Қазақстанда электр қуатын тұтыну аса үлкен қарқынмен өсіп жатыр. Бірыңғай энергожүйе операторының дерегінше, биыл энергия тұтыну 7,2%-ке артқан. Оңтүстік аймақта тіпті жоғары – 11,8%-тен асады. Еліміз былтырмен салыстырғанда 1500 МВтқа артық электр қуатын пайдаланды. Энергетика саласындағы мамандар қазан-желтоқсан айларында сағатына 1 млрд 7 млн кВт энергия тапшылығы туындауы мүмкін дейді. Оған электр станцияларында жөндеу жүргізу, гидроэлектр станциялардағы су тапшылығы әсер етеді. Айта кетейін, солтүстіктен оңтүстік өңірге небары 2100 МВт электр қуаты тасымалданады. Сондықтан шамамен 400 МВт энергия Ресейден қымбатқа сатып алынады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу