Алматы облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Күдіктіге аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және сақтау бойынша айып тағылды. Есірткі қылмысына қарсы қызметкерлердің тінтуі кезінде 54 жастағы азамат өз еркімен төрт полиэтиленге оралған зат берген. Ал қызметтік-іздестіру иті ғимаратқа жапсарлас құрылыстардың ішінен екі пластмасса бөшке тапқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше тәркіленген заттардың есірткі екені анықталған. Марихуананың жалпы салмағы екі жарым келіге жуық. Қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды
15.04.2026, 20:35
«SuperStar KZ»: Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр
15.04.2026, 20:31
«Селт еткен сезім» телехикаясы күзде көрермен назарына ұсынылады
15.04.2026, 20:29
Мәдениет пен руханият– ел дамуының темірқазығы
15.04.2026, 20:27
Атырауда білім ордасында экологиялық орталық ашылды
15.04.2026, 20:25
Жас ғалымдар жаңа баспаналарына қоныстанды
15.04.2026, 20:23
ШҚО-да Altay Busіness форумы өтті
15.04.2026, 20:19
«AMANAT» партиясы жаңа жоба бастады
15.04.2026, 20:18