Украинада бір тәулікте 7 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада бір тәулікте 7 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

22.10.2020

Украинада бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты. 116 адам қайтыс болды. Оқушылар 15 қазаннан бастап екі апталық каникулға кетті. Студенттер онлайн оқып жатыр. Емханалардағы төсек орындардың 70 пайызы бос емес.

«Егер қатерлі індет тәулігіне 9 мыңдай адамға жұғатын болса, карантин талабы күшейуі мүмкін. Олай болған жағдайда экономика дағдарысқа ұшырайды, жағдай қиындай түседі», - деп мәлімдеді ел Президенті Зеленский. 

Украинада жұмыссыздар қатары өсіп барады. Алты айда жарты млн-нан астам адам тіркелген. Бейресми мәлімет бойынша, олардың қатары 10 есе көп болуы мүмкін.  

Аида Қыдырбай

Украина коронавирус

Хабарламаларға жазылу