Ким Чен Ын Жапонияны суға батыратынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын Жапонияны суға батыратынын ескертті

15.09.2017

Солтүстік Корея ядролық қарумен Жапонияны суға батырып, АҚШ-ты күлге айналдыратынын ескертті. Осылайша, Ким Чен Ын жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға қарсы жариялаған жаңа санкцияларына жауап берді. Ол қарар бұл мемлекетте 6-шы рет атомдық сынақ жасалғаннан кейін қабылданды. Сонымен қатар, Ким Чен Ын «АҚШ-тың ғана бұйрығымен жұмыс істейтін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін жою керек», дейді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу