Жерді ғарыштан барлау өнімділікті арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді ғарыштан барлау өнімділікті арттырады

30.10.2018

Жер телімдерін тиімді пайдалану үшін тың технологияларды көптеп пайдалану керек. Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы өнімділікті де еселеп арттыруға болады. Бүгін Астанада өткен Жер қатынастарының тарихы және оны жетілдіруге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осындай ойларымен бөлісті. Мәселен, ғалымдар ғарыштық зерттеулер арқылы Жердің құнарлылығын, ол жерге қандай өнімдердің өсетіндігін анықтаған. Тіпті қандай тыңайтқыштар себу керектігін де анық көруге болады.

Фараби Ермеков, Геоақпараттық технологиялар орталығының директоры:

- Біз цифрландыру аясында бірнеше шаруашылыққа жаңа технология енгізіп, нәтижесін сол аумақтағы кәсіпкерлерге көрсеттік. Оның тиімділігі ақшалай жағынан болғанда да бірнеше есеге артық екендігін түсініп отыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу