Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшедегі тәртіпті квадрокоптермен бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшедегі тәртіпті квадрокоптермен бақылайды

23.02.2016
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшедегі тәртіпті квадрокоптермен бақылайды

Жауапты мамандар қала көшелеріндегі тәртіп пен жол қозғалысы жағдайын бейнекамерамен жабдықталған пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен бақылап отырмақ.

Жоба авторларының айтуынша, бұл жаңалық көшедегі жалпы тәртіпке оң әсерін тигізуі тиіс. Квадрокоптердің көмегімен тыйым салынған жерге қойылған көліктерді, ұрланған көлік құралдарын анықтап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды реттеуге болады.

Хабарламаларға жазылу