Ішкі істер органдарының 32 қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

13.12.2019

Тәуелсіздік күніне орай ішкі істер органдарының 32 қызметкері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаға ие болды. Сондай-ақ Үкімет басшысының атынан тағы 8 тәртіп сақшысы марапатталды. Медальдар мен шендерді министрдің өзі табыстады. Бұдан бөлек әскери және құқық қорғау міндетін мінсіз атқарғандары үшін ішкі істер саласының 540 маманы құрметке бөленді. Айта кету керек, тыныштық пен тәртіпті күшейту жолында 1500 полицей жараланса, 390 сақшы қызмет бабында қайтыс болды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу