Нан қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан қымбаттап жатыр

06.10.2021

Ал осы кезде елімізде нан бағасы өсіп жатыр. Әсіресе Батыс Қазақстан облысында ас атасы 11 пайызға қымбаттаған. Бүгін депуттаттар да осы мәселені көтеріп, премьер-министрдің орынбасарына сауал жолдады. Айтуларынша жазда 120-130 теңге тұрған ұнның келісі қазір 200 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның көтерілуіне биылғы құрғақшылық пен дизель тапшылығы, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникаларының қымбаттауы әсер еткен. Сондықтан жағдай ушықпай тұрғанда, әлеуметтік тауар бағасын шұғыл реттеу керек деді. Яғни, Үкімет резервінен қаржы бөліп, тұрақтандыру қорларын толтыру керек деп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу