Иранда нан бағасы қымбаттап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда нан бағасы қымбаттап барады

19.05.2022

Иранда нан бағасы қымбаттап барады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, осының салдарынан елдің кейбір қалаларында шағын шерулер өтіп, онда тұрғындар наубайханалар мен мешіттерге шабуыл жасаған. Тәртіпсіздіктер кезінде 2 адам қаза тапты. Жараланғандар мен тұтқындалғандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Нанмен бірге ең қажетті тауарлардың да бағасы өскен. Осыған наразылықты тоқтату үшін Чахармахал және Бахтиари провинцияларында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көшелерге қосымша полиция қызметкерлері шығарылып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу