Елімізге Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы әкелінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы әкелінеді

06.10.2021

Қыркүйектің басындағы жағдаймен салыстырғанда коронавирусты жұқтыру 2 жарым есеге жуық төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бүгінгі күні Қазақстанда вакцинаның 14,4 млн дозасы егілді. Оның ішінде 7 млн 700 мың адам екпенің 1-ші компонентін салдырған. Бұл егілуге тиісті халықтың 78 пайызын құрайды. Ал, екінші компонентті 6 млн 700 мың адам алған. Соңғы бір ай ішінде ауыр және өте ауыр науқастар саны да 2 есе азайған. Министр вакцинаның үшінші дозасын егу туралы мәселеге абайлап келу керектігін ескертті. Оның өзінде бірінші кезекте халықтың осал буыны мен алдыңғы саптағы қызметкерлер, вирусқа қарсы антиденесі жоқ азаматтар екпе алуы керек деп айтты. Яғни қазір ревакцинация неше мәрте болуы керек, дозаның мөлшері қаншалықты болғаны жөн осы және басқа мәселелер ішкі комиссияда талқыланып жатыр.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:
Pfizer вакцинасы келген кезде 12 жастан бастап, пайдалануға болады. Әр баланың ата-анасы рұқсат беруі керек сол кезде ғана вакциана алады.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу