Тайванның әуе кеңестігіне Қытай әскери ұшақтары 56 рет барған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайванның әуе кеңестігіне Қытай әскери ұшақтары 56 рет барған

06.10.2021

Апта басында Қытай әскери ұшақтары Тайванның әуе кеңістігіне қарай 56 мәрте ұшқан. Солардың ішінде бомбалаушы ұшақтар да бар.

Кейінгі кездері Бейжің мен Тайбэй арасындағы шиеленіс ушығып барады. Сондықтан, арал әуе күштері әскери дайындыққа көшіп отыр. Ал, өткен тәулікте АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесіп, Тайваньмен жасалған келісімдерді сақтауға уағдаласты.

Қытай демократиялық Тайванды өзінің территориясы деп есептеп, оны қайтаруға күш салып келеді. Айта кетсек, екі жақ бір-бірінен 1949 жылы бөлінгені белгілі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу