Қазақстан құрамасы футзалдан өткен әлем чемпионатында 4-ші орын алды. Жерлестеріміз кеше бразилиялықтармен үшінші орынға таласып, есе жіберген еді. Десе де осының өзін жанкүйерлер жеңіске балап жатыр. Өйткені мини-футбол тарихында жерлестеріміз алғаш рет жартылай финалға шығып, керемет ойын өрнегін көрсетті.
Қазақстан – Бразилия. Қола медаль үшін талас. Қарсылас мықты. Бұған дейін 5 рет әлем чемпиона атанған. Десе де бұл жерлестерімізді қаймықтырған жоқ. 12 минутта-ақ, есеп ашып, алға шықты. Осылайша бірінші кезеңде 0:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек қыза түсті. Әттеген-айы ойынның 25-минутында Тайнан ойламаған жерден өзіміздің қақпаға гол соғып алды. Бірақ 31-минутта қарсыласты қапы қалдырып, Қазақстан құрамасын қайта алға шығарды.
Дегенмен бұдан кейін бразилиялықтар күш алғандай. Родриго 32, Феррао 34, Ле 35-минуттарда қатыранан үш гол соқты. Осылайша Қазақстан алда келе жатып, 4:2 есебімен жеңіліп қалды. Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ал Қазақстан төртінші орынға тұрақтады. Десе де осының өзін спорт сүйер қауым сенсациялық жеңіске балап жатыр. Өйткені футзалшыларымыз кеше ғана чемпион болған Португалияны жартылай финалда қатты састырды. Тіпті жеңуге шақ қалған. Пеналтиде жолымыз болмады. Ұлттық құраманың ойынын Халықаралық футбол федерациясы да жоғары бағалап, Қазақстан командасын арнайы сыйлықпен марапаттады. Ал, Дуглос пен Тайнан, қола доп пен қола бутсыға ие болды.
Досжан Маратұлы