Бүгін Қызылорда қаласында Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы аясында және «Радио күні» мерекесіне орай Қазақ радиосының құрметіне көше берілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы – «Қазақ радиосының» директоры Дулат Абибуллаев, «Қазақ радиолары» ЖШС Стратегиялық дамыту қызметінің жетекшісі Мұхамедияр Рашай, Сыр елінің зиялы қауымы өкілдері мен аймақ журналистері қатысты. Сонымен қатар, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадан келген Қазақ радиосы ұжымының өкілдерімен кездесіп, 100 жылдық мерейтоймен құттықтады.
Облыс әкімі Қызылорда қаласы мен Қазақ радиосының тарихы тығыз байланысты екенін айта келе қаладан Қазақ радиосы көшесін ашу жайлы бастаманы қолдағанын жеткізді.