Қарағанды облысында бақташы ауылдасын атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бақташы ауылдасын атып өлтірді

30.09.2021

Қарағанды облысында бақташы ауылдасын өлтірді. Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылынан 3 шақырым жерде оқ тиген азаматтың мәйіті табылған. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ауыл бақташысын ұстады. Ол сол күні ішімдік ішіп, мал бағуға шықпаған. Ескерту жасаған ауыл тұрғынымен жанжалдасқан бақташы ақыры қару қолданған.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі: 
Күдікті азамат жәбірленушімен арадағы өзге келіспеушілік барысында оған оқ атқаны туралы мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыскерлерімен қылмыс құралы тәркіленіп, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу