Астанадағы агротехникалық университет жанынан малдың жұқпалы ауруларын анықтайтын зертхана ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы агротехникалық университет жанынан малдың жұқпалы ауруларын анықтайтын зертхана ашылмақ

23.10.2015
Астанадағы агротехникалық университет жанынан малдың жұқпалы  ауруларын анықтайтын зертхана ашылмақ
Жаңа зертхана заманауи технологиямен қамтамасыз етіледі, әрі жұқпалы аурулардың алдын алып, індетпен күресу жолдарын қарастырады.

Зертхананы жасақтауды Қытай міндетіне алып отыр. Жарты миллиард теңге қайтарымсыз көмек береді. Бұл туралы осы елдің Білім және ғылым министрінің орынбасары Цао Цзиньлинь мәлімдеді. Жоба Елбасының Қытай еліне барған сапары нәтижесінде жүзеге асқалы отыр.

Бүгінде еліміздегі төрт түліктің 97 пайызы қарапайым тұрғындардың иелігінде болғандықтан көпшілік мал ауруларының белгілерін дер кезінде анықтай алмай жатады.


Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу