Қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

03.04.2019

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау үшін заң жобасын мақұлдады. Құжаттың мақсаты  - теңіздегі Каспий маңы мемлекеттерінің аумақтық суларынан тыс әскери кемелерінің жүзуі мен оның үстіндегі әуе кеңістігіндегі әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери және әуе кемелері басқа тараптың әуе кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз арақашықтық сақталып,  сақтық танытуы қажет. Әскери кемелер мен әуе кемелері бір-біріне жақындаған кезде жүзу немесе ұшу үшін қауіп төндіретіндей және кедергі келтіретіндей қандай да бір заттарды тастауға тыйым салынады.

Ал ақпарат алмасу кезінде арнайы радиобайланыс пайдаланылуы тиіс. Бұл шекаралас елдердің өзара достық қарым-қатынасты арттыра түсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  пленарлық отырыста Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін келісімді ратификациялау туралы құжат мақұлданды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Келісім алғашқы халықаралық құжат болып табылады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу