Атырау облысында 4 ауылға апаратын жалғыз жол жөндеусіз жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 4 ауылға апаратын жалғыз жол жөндеусіз жатыр

29.09.2021

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 4 ауылға апаратын жалғыз жол көп жылдан бері жөндеусіз жатыр. Ушыққан мәселе Ақкөл, Ғизат Әліпов, Жыланды, Қиғаш елді мекендерінде өткір. Өткен жылы жасалған жобаға сай, 43 км-ге асфальт төселуі тиіс еді. Алайда, қазір 4 млрд 200 млн-ға бағаланған жұмыс басталмай жатып тұралап қалды. Оған жобадағы кемшіліктер себеп. Әзірге 400 млн теңге жолды тек тегістеуге кеткен. Жергілікті билік екі жылда аяқтаймыз деп сөз беріп отыр. Бірақ, жылдар бойы жол қиындығын көрген халық бұған сенбейді.

Көбейсін Өтесов,  Ғизат Әліпов ауылының тұрғыны:
95-тен бері салынады деген жол. Әлі салынған жоқ. Жаңбыр күндері өте қиын. Қатынас тоқтайды. Жүре алмаймыз. Балшық болады.
Шынболат Мусин, Құрманғазы аудандық ТҮКШ жолауышылар көлігі автомобиль бөлімі басшысының міндетін атқарушы: 
Жобада кейбір кеткен кемшіліктер бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Сол шешілгеннен кейін қайта жанданатын болады. Сметада қаралмай қалған мәселелер болды. Бұл жобаны жасаған облыстық жолаушылар басқармасы. Соларға хат жолдадық. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу